Нұр-Сұлтан қаласында бітпей қалған үйлер мәселесі 3 жылда толық шешілмек

07.11.2019 00:17

Бүгінде құрылысы тоқтап тұрған көпқабатты тұрғын үйлер 51-ден 48-ге азайды

Бұл –13 мыңнан астам үлескер қарызданып-қауғаланып алған не бар жиған-тергенін құрылыс компаниясына берген әлі күнге баспанасын күтіп жүр деген сөз. Ал, 29 проблемалы нысан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып бітеді.  Ол үшін Ұлттық қордан 40 млрд.теңге бөлінген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жергілікті әкімдік алдағы 3-4 жылда «сақалды» құрылыс нысандарын толық аяқтаймыз деп отыр. Бұл жұмыстарға тіпті, инвесторларды тартқан.

«Келесі жылдың басында көпқабатты 3 үйдің құрылысын тапсырсақ, жылдың аяғына дейін қосымша 7 көп қабатты тұрғын үй тапсырысқа беріледі. 19 нысан, яғни, 2 600 үлескердің мәселесі бойынша нақты шаралар қабылданды. Онда құрылысты салып бітіруге инвесторларды тарту арқылы үлескерлердің өзімен дербес жүзеге асырылуда», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек ҚАЙСАҒАЛИЕВ.

Теги: дольщики