Қазақстанда Mynbala тik tok house өз жұмысын қазақ тілінде бастады

22.10.2022 00:18

Жобаның басты мақсаты – қазақтың шығармашыл жастарын қолдау

Almaty.tv

Қазақстанда Mynbala тik tok house өз жұмысын қазақ тілінде бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұжым еліміздің түкпір-түкпірін аралап, ауыл мен қалаларда кастинг ұйымдастырған. Сөйтіп тик-токта видео түсіріп жүргендермен қатар, шығармашылықпен айналысатын 20 баланы іріктеп алған. Олар енді Алматыда өнерін шыңдап, көптің сұранысына ие болған желіде қазақша контент дайындайды. Жобаның басты мақсаты – қазақтың шығармашыл жастарын қолдау, әлеуметтік желіде қазақ тілінің мәртебесін арттыру. Сондай-ақ тик-токерлер салт-дәстүрді, береке-бірлікті насихаттамақ.

«Тик ток өте үлкен танымалдылыққа ие болып жатыр. Өздеріңіз білесіздер, тик ток компаниясы Қазақстанда өкілдігін ашып жатыр. Осындағы тұтынушылардың көп екенін біледі. Алайда қазіргі уақытта тик токта контенттің түр түрі бар. Бірақ пайдасын тигізетін не болмаса қазақ тілін дәріптейтін, біздің дәстүрімізді насихаттап, жастарды жақсы жағынан көрсететін шығармашылық ұжым көп емес», – деді  Mynbala тik tok house жобасының продюсері Абай Сейфулла.