Күдікті өзі басқарған зауыттың техникаларын талан-таражға салған
Түркістан облысында 80 миллион теңгені қолды қылды деген зауыттың бұрынғы директоры ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті өзі басқарған зауыттың техникаларын тамтығын қалдырмай талан-таражға салған. Қыруар қаржыны қалтасына басты деп айыпталған азамат аталмыш алып өндіріс орнының 6 техникасын сатып жіберген.
«Арыз тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 189-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Тергеу барысында Полиция қызметкерлерімен іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, соның нәтиежесінде күдікті Алматы қаласынан табылып, Кентау қаласына жеткізілді», – деді облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.