Бұл сайлаудан кейін халықтың әлеуметтік жауапкершілігі артады – депутат Ерлан Саиров

26.07.2021 00:19

Сонымен бірге, осы халықтың мәселесін өзі шешуге белгілі бір стимул пайда болады

liter.kz

Әкімдер сайлауы ауылдағы ағайынның саяси белсенділігін арттырады. Сарапшылардың пікірі бойынша, саяси партиялар ұсынған үміткер мен өзін-өзі ұсынған кандидат арасындағы бәсекелестік халықтың тұрмыс сапасын жақсартады. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «сайлау елдегі нақты саяси реформаның жүзеге асып жатқанының белгісі» дейді. Оның сөзінше, саяси реформалар алдымен аймақтарда өтуі керек, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жергілікті жердің әлеуметтік, экономикалық жаңағы проблемалардың барлығы әкім және халық бірігіп шешетін болады. Өйткені ол жерде тек қана әкім сайланбайды, сонымен бірге жаңағы жергілікті кеңес бар. Сол жергілікті кеңеспен әкімдіктің инфрақұрылым, жол, көпір немесе сол жердің әлеуметтік инфрақұрылым, амбулатория, библиотека деген сияқты мәселелердің барлығын бірігіп шешетін болады. Яғни, бұл сайлаудан кейін халықтың әлеуметтік жауапкершілігі артады. Сонымен бірге, осы халықтың мәселесін өзі шешуге белгілі бір стимул пайда болады», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.