Онда бірегей инновациялық сағаттың таныстырылымына қатысты
Вице-премьер министр Бердібек Сапарбаев Алматыдағы жұмыс сапары барысында IT-компаниясы мен «Бақытты отбасы» орталығында болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Вице-премьер министр Бердібек Сапарбаев "Beq-innovision" ЖШС-де болып, оның жұмыс барысымен танысты. Онда бірегей инновациялық сағаттың таныстырылымына қатысты. Қысқаша айтқанда бұл сағат адам қанындағы глюказаның мөлшерінен хабар беріп отырады.
Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев қазақстандық IT-мамандары жасаған бірнеше жобамен танысты. Одан кейін, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге қаладағы «Бақытты отбасы» орталығында болып, көпбалалы аналармен жүздесті.