Менің бапкерім: «Алматы» телеарнасы ұсынған телехикаяның түсірілімі аяқталды

20.06.2024 00:20

10 бөлімнен тұратын туынды күзде қалың көрерменге жол тартады

Almaty.tv

«Алматы» телеарнасы ұсынатын «Менің бапкерім» телехикаясының түсірілімі аяқталды.

Шығармашылық топ дайындық жұмыстарын ақпанда бастаған. 10 бөлімнен тұратын туынды күзде қалың көрерменге жол тартады. Спорттық драма жанрында түсірілген отбасылық телехикаяда талантты шахматшы қыздың өмірі баяндалмақ.

– Мақсаты – жастарды спортқа, соның ішінде шахматқа баулу, бейімдеу, таланттарды ашу. Ұзақ, байыптап, тыңғылықты түсіріп жатырмыз. Нәтижесін экраннан көретін боласыздар, – деді режиссер Жасұлан Пошанов.

Оқи отырыңыз: «Алматы» телеарнасының ұжымы Шымбұлақ шыңын бағындырды