Алматыда белсенді тәуелсіздік құрдастары марапатталды

14.12.2019 00:21

Шарада тәуелсіздік тақырыбында түрлі баяндамалар да жасалды

Almaty.tv

Марапат жауған күн. Алматыда «Жас отан» жастар қанаты белсенді тәуелсіздік құрдастарына құрмет грамоталарын табыстады. Түрлі салада еңбек етіп, егеменді елдің дамуына септескен азаматтар бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шарада тәуелсіздік тақырыбында түрлі баяндамалар да жасалды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай марапат азаматтарға мотивация береді.  

«Бұл жерге тек қана 1991 жылғы жастар емес, басқа да жастар келіп отыр. Мемлекеттік емес ұйымдар келіп отыр. Солардың барлығына қысқа ғана мерзімде тәуелсіз Қазақстанның дамуына, өркендеуіне үлес қосқан жас азаматтарды марапаттап, алғысымызды білдіру үшін осы бір шараны ұйымдастырып отырмыз», - деді Алматы қаласы «Жас отан» жастар қанатының төрағасы  Мәди АХМЕТОВ.