|
18.01.2023 | 19:21
4269

Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін

Еңбекке уақытша жарамсыздық үшін төленетін жәрдемақы көлемі ұлғайтылды

Қазақстанда  4 күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін Из открытых источников

Қазақстандықтар 4 күндік жұмыс уақытын таңдап, еңбек етсе, айлығы өзгермейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сол қалпы қалады. Алайда мұндай графикпен мәңгі жұмыс істей алмайсыз. Яғни, қызметкер мен жұмыс беруші келісіп, бір ай 4 күннен, бір ай 6 күннен жұмыс істесе болады. Мұндай өзгеріс қашан күшіне енетіні белгісіз, бір анығы Еңбек кодексі туралы құжат Мәжіліс қарауында.

«5 күндік жұмыс кестесінің жылдық нормасы -1960 сағат. Сәйкесінше, мына 4 күндік жұмыс аптасына көшкен кезде жылдық норма сақталады. Жалақысына тоқталатын болсақ, Еңбек кодексіне сәйкес жалақы құны азаматтардың белгілі бір жұмысына, оның көлеміне, біліктілік талабына сайкес төленеді. Сәйкесінше, бұл жерде де жалақы сақталады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі д кестесі епартаментінің басқарма басшысы Шалқар Оразбеков.

Еңбек кодексіндегі тағы бір жаңашылдық – еңбекке уақытша жарамсыздық үшін төленетін жәрдемақы көлемі ұлғайтылды. Яғни, бұрын оның сомасы 45 мың теңге болса, енді шамамен 86 мың теңгеге көтерілді. Мәселен, сіз денсаулығыңызға байланысты жұмыстан 4 күн қалсаңыз, сізге 86 мың теңгеге дейін жәрдемақы беріледі.

«4 күн ол кісі жұмыста болған жоқ. Сәйкесінше ол кісі сол айдағы жалақысы жалпы қалыпты алып жүрген жалақысынан сәл төмендеу болуы мүмкін. Бірақ жұмысқа жарамсыз қағазы арқылы шығынды толықтырады», – деді Шалқар Оразбеков




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир