Қазақстанда микроқаржы ұйымдарын лицензиялау қашан басталады

02.10.2020 00:22

30 наурызынан 31 тамызына дейін Агенттік 1348 банктік емес ұйымды тексерді

nalogikz.kz

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап микроқаржыландыру нарығында алаяқтық тәуекелдерін төмендету мақсатында лицензиялау енгізіледі. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Азаматтарды микроқаржы нарығындағы алаяқтықтан қорғау және оның тәуекелін азайту мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап лицензиялау енгізіледі. МҚҰ (микроқаржы ұйымдарын) лицензиялау капитал мен өтімділік бойынша пруденциялық стандарттардың толық тізбесін, басшы қызметкерлер мен акционерлердің іскерлік беделіне қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуді, сондай-ақ аудит пен есеп беруге қойылатын талаптарды көздейді», – деп түсіндірді Нұрлан Абдрахманов.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 30 наурызынан 31 тамызына дейін Агенттік 1348 банктік емес ұйымды тексерді. 144-ке қатысты 166 млн тг айыппұл салынды және 122 жазбаша ұйғарым шығарылды, деп толықтырды ол.