|
02.09.2020 | 19:23
2914

Жолдауда ауыл мен ауыл халқының әл-ауқатын дамытуға көп көңіл бөлінуде – М. Хасенов

Ауыл партиясының өкілі бірқатар нақты бастамаларға егжей-тегжейлі тоқталды

 Жолдауда ауыл мен ауыл халқының әл-ауқатын дамытуға көп көңіл бөлінуде – М. Хасенов Almaty.tv

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Ауыл» партиясының мүшесі Маханбет Хасенов, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларды қолдады. М. Хасенов Жолдауда айтылған міндеттер ауыл халқының өмірін жақсартуға ықпал ететінін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ауыл» партиясының өкілдеріне ауылды дамытуға, ауыл халқының әл-ауқатына көп көңіл бөлінетінін есту қуанышты жағдай  болды. Бүгінгі таңда Ауыл алдында тұрған бірқатар мәселелер бар. Осы мәселелердің барлығы Президенттің кешегі Жолдауында көрініс тапты», –  деді М. Хасенов.

Ауыл партиясының өкілі бірқатар нақты бастамаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

«Мәселелердің бірінші блогын шешу үшін алдағы 5 жылға АӨК дамыту бойынша жаңа жоба құру қажет. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге, ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыруға, еңбек өнімділігін арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін неғұрлым терең өңдеуге және көліктік логистикалық кешен мәселесін шешуге басты назар аударылатын   болады. Мәселенің екінші блогын шешу үшін,  Президент ауыл тұрғындарының табысын арттыруға басымдық береді. Ол үшін ШОБ қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасы әзірленетін болады. Кәсіпкерлер үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Пайыздық мөлшерлемені мемлекеттік субсидиялау арқылы жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндіктері бар. Агроөнеркәсіптік кешенді қайта қаржыландыру,   тұрғын үй мәселесін шешу үшін Нұрлы жер бағдарламасын іске асыруды жеделдету қажет», –  деп түйіндеді М. Хасенов.  Жолдауда бекітілген барлық тармақтардың маңыздылығын атап өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир