Жетісу ауданында қарттарға арналған белсенді өмір сүру орталығы ашылды

Жетісу ауданында қарттарға арналған белсенді өмір сүру орталығы ашылды
Жетісу ауданында зейнет жасындағы 21 мыңнан астам қария бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұнда физиологиялық кабинет, жаттығу залы мен йога және жүзу секциялары бар. Ауданның зейнеткерлері осында бос уақыттарын өткізіп, денсаулықтарын жақсарта алады. Сондай-ақ, мұнда тегін әлеуметтік және медициналық қызмет те көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Біздің бұл орталық күніне 6 сағат жұмыс жасайды. Және де күніне 120 зейнеткерді қабылдайтын қауқары бар. Біздің жұмыс жасау орталығымзда әлеуметтік психологиялық,  әлеуметті медициналық, әлеуметті еңбек қызметтері көрсетіледі», - деді «Белсенді өмір сүру» орталығының директоры Еңлік АЛТЫНБЕКОВА.    

Бүгінде Жетісу ауданында зейнет жасындағы 21 мыңнан астам қария бар. Олардың 1100-і тыл, 17-сі Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Енді ауданның қазыналы қарттары бос уақыттарын тиімді өтікізіп қана қоймай, қоғамға тигізер пайдасын ақылдасатын орын ашылғанына қуанып отыр. Себебі, орталықта компьютерлермен жабдықталған және семинар мен тренингтер өткізетін кабинеттер де қарастырылыпты.      

«Фитобары бар, массаж бөлмесі, фитнес залы бар. Одан кейін бір жақсы жері қазір біздің емханалардың өзінде герантолог деген дәрігерлер жоқ. Мына орталықта өздерінің герантологы бар. Төлемақысыз. Тегін. Бір аптада 2-3 рет кеңес береді», - деді Алматы қаласы Жетісу ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Тамара ШАКИРОВА.

Новости партнеров