БАҚ-тағы материалдарға шағым түсіру мерзімі қысқара ма

Almaty.tv
Almaty.tv
Мәдениет және ақпарат министрі "Масс медиа туралы" заңды түсіндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

БАҚ-тағы материалдарға шағым түсіру мерзімі 3 жылға дейін деп белгілену көзделіп отыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгін орталық коммуникациялар қызметіне келіп, "Масс медиа туралы" заңды түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство басшысының айтуынша, депутаттар мен журналистер бұл уақытты 1 жылға дейін қысқартуды ұсынып отыр. Енді екінші оқылымға дейін бұл мәселе құқық қорғау органдарымен талқыланып, депутаттармен бірге шешім қабылданатын болады. Бұдан бөлек мемлекеттік тапсырыс алуда да өзгерістер бар.

– Мемлекеттің ақпараттық тапсырысын тиімді ету үшін қаржыландырудың гранттық жүйесі енгізіледі. Ол ең бірінші кезекте жобалардың шығармашылық әлеуетіне бағытталады. Сонымен қатар журналистер жолдайтын сауалдарды нақты градациялап, ауызша, жазбаша, комментарий, ресми түсініктеме сияқты санаттарға бөліп, оларға берілуі тиіс жауаптарға нақты мерзім белгіленді. Мәселен, жазбаша жауап беру мерзімі 7 жұмыс күннен 5 күнге қысқартылды, – деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Оқи отырыңыз: Мәжілісте бала қауіпсіздігіне қатысты жаңа заң жобасы мақұлданды

Новости партнеров