Еліміздің кей өңірінде халық көмірге қол жеткізе алмай отыр

Еліміздің кей өңірінде халық көмірге қол жеткізе алмай отыр
Биыл 20 миллион тоннаға жуық көмір экспортқа шығарылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл шамамен 20 миллион тонна көмір экспортқа шығарылады. Сөйте тұра, кейбір өңірлерде халық отынның осы түріне қол жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мысалы, Ақтөбе облысына 28 мың тонна көмір керек болса, бүгінде тек 8,4 мың тоннасы ғана әкелінген. Дегенмен, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілі қара отын тапшы өңірлерге қатты алаңдайтындай себеп жоқ деп сендірді. 

«Павлодар облысы бойынша «Элит» деген теміржол тұйығына Майкүбіден тамыз айында 24 вагон көмір тиелген. Қыркүйекте 54 вагон тиелген. Ол жоспарға сәйкес, теміржол тұйығының ұсынысы бойынша толық қамтылған. Бүгін сол тұйыққа тағы 40 вагон тиеліп жатыр. Яғни, жоспар бойынша тиеліп жатыр. Сондықтан дәл осы өңірде алаңдаушылық болмауы керек. Өйткені жүк жоспар бойынша тиеліп жатыр», – деді «ҚТЖ» жүк тасымалдау ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов.

Новости партнеров