Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің тек 6 пайызы ғана проактивті және толық автоматтандырылған

29.06.2022 00:25

Кейбір мемлекеттік органдарға бұл жұмысты әлі де жетілдіру қажет

Almaty.tv

Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің тек 6 пайызы ғана проактивті және толық автоматтандырылған. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшсі.

Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтердің 93 пайызы онлайн түрде қолжетімді, бірақ кейбір мемлекеттік органдарға бұл жұмысты әлі де жетілдіру қажет. Сол себепті адами факторсыз құрылатын электронды қызметтер санын арттыру мәселесіне назар аудару керек.

«Айталық, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі маңызды әлеуметтік қызметтерді проактивті форматқа өткізуде ауқымды жұмыс жүргізеді. Бұл қызметтер халық арасында өте жақсы бағаланып жатыр. Проактивті қызметтерді енгізу жұмысын басқа да меморгандарға жандандыру қажет. Мәселен, министрлік жүргізген талдау мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі, яғни адами фактормен құрылатын қызметтер саны шамамен 85 пайыз екенін көрсетті. Бұл – өте үлкен көрсеткіш», – деді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.