Алматы көш бастап тұр: Халық санағынан 18 млн-нан астам адам өтті

29.10.2021 в 00:53

Қамту деңгейі бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр

Бүгін елімізде санақтан өткендер саны 18 млн 600 мыңнан асып, 98,1%-ды көрсетті. Қамту деңгейі бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. 1 тамызда мегаполисте тұратындар саны 2 млн 5 мың 496 адам болса, қазір онлайн тіркеу мен интервьюерлер жүргізген сауалнамаларының нәтижесінде 2 млн 200 мыңға жуықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Айта кетейік, қала бойынша Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандарының тұрғындары санаққа белсенді қатысып, алдыңғы орында келе жатыр. 

«Біздің ауданымызда жалпы 311 мыңнан аса халық тұрады. 1-кезеңде солай есептелген. Соған байланысты интервьюерлер 345 мыңнан астам тұрғынның ЖСН-ін енгізіп, сауалнамаға жауап алып, жұмыстарын аяқтады», – деді Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің уәкілі Алуа Жексенбаева.