Алматыда аудан әкімі тұрғындардың шағымынан кейін қоқыс алаңын өзі барып аралады

20.04.2019 00:26

Анықталғандай, аталған карьер Алматы облысының аумағына қарайды екен

Алматыдағы Наурызбай ауданының әкімі көрермендердің арыз-шағымын қараусыз қалдырмады деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Есте болса, кеше «Әкіммен ашық әңгіме» жобасының тікелей эфирінде жергілікті тұрғыннан қоқыс алаңы туралы сұрақ түскен еді. Бүгін аудан басшысы Санжар Тоғай мамандармен бірге сол карьерді көруге барды. Белгілі болғандай, бұл қатқыл қалдыққа толы жер Алматы облысының аумағына кіреді екен.

Бұдан былай аумақты табиғатты қорғайтын полиция бақылауға алмақ. Тәртіп сақшылары жергілікті халықтың қоқыс тастамауын қадағалайтын болады. Осылайша, аймақтың қоқыс алаңына айналауына тосқауыл қою көзделіп отыр. Сондай-ақ, аталған мәселе жайлы Қарасай ауданының әкімдігіне хабар берілді.