Жиырма пайыз артты: халық өсіміне қандай фактор әсер етті

01.11.2023 00:26

Almaty.tv.

Қазақстан халқының саны 19 миллион 186 мың 15 адамға жетті. Ұлттық статистика бюросы елде 2021 жылы жүргізілген халық санағының қорытындысын жариялады. Он екі жылда халық санының 20 пайызға артуы қаншалықты жақсы көрсеткіш? 

Халық өсіміне қандай фактор әсер етті? Бұл сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы әлеуметтанушы Нұрболат Әйекешов жауап береді.

– Нұрболат мырза! Он екі  жылда халық санының 20 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш қаншалықты көңілге қонымды?

– Бұл – үлкен көрсеткіш. Оның жақсы жақтары да бар. Халықтың өсуі – экономикалық ресурс қой, адами ресурс. Болашақта білім беру сапасы жоғары болса, құқық қорғау жүйесі дұрыс болса, жақсы болады. Әлеуметтік себептерін атап өтсек, өмір сапасының жақсарып, халық Үкіметке сенеді.  

– Ал енді статистика елдегі урбанизация үрдісі 5%-ға артқанын көрсетті. Ауылдан қалаға көшетіндердің саны басым. Осы тұста бұл елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қалай әсер етеді?

– Қала халқы 56 пайыздан 61 пайызға дейін өсті. Бес пайыз деген үлкен өлшем. Урбанизацияның кемшіліктері де бар. Ол әлеуметтік проблема тудырады. Соның ішінде жұмыссыздық. Егер жаңағы өндіріс, жұмыс орындары ашылмаса, жұмыссыздар саны арттады.

Оқи отырыңыз: Мектеп бағдарламасына қаржылық сауаттылық курсы енгізіле ме