Ал 7 адам түрлі дене жарақатын алған
Алматыда биыл газ баллонының жарылуына қатысты 6 төтенше жағдай тіркеліп, екеуі өртпен аяқталған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал 7 адам түрлі дене жарақатын алған. Аталған апаттың алдын алу мақсатында бүгін Алмалы ауданының әкімдік өкілдері төтенше жағдай қызметімен бірге, қаладағы базарлардың бірінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тіпті өрт сөндіру бұрышына байланысты ереже бұзғандар да анықталыпты.
– Тамақтану орындарында газ баллонын дұрыс қолдану, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірдік. Жадынамалар бердік, – деді Алмалы ауданы ТЖБ инженері Дінмұхамедәлі Алпысбай.