Алматыда желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу өтті

25.11.2022 00:26

Іс-шараға жиналғандар қоғамдағы әртүрлі мәселені талқыға салды

Алматыда желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуға тарихи оқиғаға қатысты құрылған 16 ұйымның өкілі мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты. Іс-шараға жиналғандар қоғамдағы әртүрлі мәселені талқыға салды. Ал желтоқсаншылар айтқан шаруалар біртіндеп заң аясында шешілетін болды.

«Желтоқсан ұйымының басшыларымен қандай іс-шара жасаймыз?» деп ақылдастық. Біз ұсыныстарымызды айттық. Тыңдай келе, әкімшілік мәселені заң аясында шешіп беретінін айтты», – деді «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев.