Түркістан облысында балабақшадағы 34 бала уланып қалды

Almaty.tv
Almaty.tv
Іші ауырған бүлдіршіндер ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысындағы балабақшалардың бірінде 34 бала уланып, ауруханаға түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның үшеуі тіпті жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Келеңсіз жағдай осыдан екі күн бұрын Келес ауданында болған. Таңертең балабақшадан ас ішкен балалар сағат 11:00-ге таяу жайсыз сезінген. Іші ауырған бүлдіршіндер ауруханаға жеткізілді.

– Науқастардың жағдайы бірқалыпты болуына байланысты үйіне шығарылды. Қазіргі таңда ауруханада 6 науқас жатыр. Олар емін алып жатыр, – деді Келес аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Бекарыс Есенбеков.     

Санитарлық-эпидемологиялық департаменттің мамандары сараптама нәтижесінің әлі шықпағанын айтты. Алдын-ала болжам бойынша, кішкентайлар сүт араласқан күріш ботқасынан уланған. Қазір бұл іске қатысты құзырлы орган «Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал жекеменшік балабақша жұмыс істемей, жабық тұр.

– Сынамалар тағам өнімдерінен, судан алынды. Науқастар құсық, асқазан шайындылары, нысандардан Е сүртінділері алынды. Алдын ала зерделеу жұмыстары нәтижесінде күріш ботқасынан улануы мүмкін. Таңғы асқа күріш ботқасы берілген. Қазір күріш ботқасынан сынамалар алынып, зерттеу жұмысы жүргізілуде, – деді Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы Нұрсұлтан Сман.

Оқи отырыңыз: Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалды

Новости партнеров