Елімізде ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионы болған жігіттер балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ата-ананың мейіріміне зәру балаларға қазір жан жақты қамқорлық жасалған. Алайда олардың бойында жасқаншақтық пен жігерсіздікті жою үшін спортқа баулу керек. Сол себепті халықаралық додаларда топ жарып жүрген спортшылар балалармен еркін әңгімелесіп, жарысқа шығар алдындағы толғаныс пен қорқынышты игеру, салмақ қуу кезінде берілетін тапсырмаларды орындау сынды өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
«Кірген кезде балалардың бойынан бір сағыныш, әке-шешеге деген құрмет сезіліп тұрады. Біз осындай жастарға жәрдемдесуіміз керек. Олардың арасында да ел абыройын көтеретін мықты спортшылар мен ғалымдар шығуы мүмкін. Спортқа деген көңілі бұрып тұрса, мен қашанда көмектесуге дайынмын», – деді ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионы Арман ОСПАНОВ.