Алматыда JAS KASIPKER жастар лагері ұйымдастырылды

25.10.2019 00:30

10 күн бойы лагерде семинар, тренингтер өтеді

Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша ағымдағы жылдың 14 қазаңнан бастап JAS KASIPKER жастар лагері өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Лагердің мақсаты – Алматы қаласы жастарының кәсіпкерліке деген қызығушылығын ояту.

Қатысушылар 10 күн бойы лагерде семинар, тренингтерден өтіп, арнайы шақырылған спикерлердің мәлімдемесін тыңдап, танымал тұлғалармен, бизнес-тренерлермен танысады.