Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады
Оқиға «Заречный» тұрғын алабы Ұшқыштар көшесінде болған. Хабарлама кеш түскендіктен тұрғын үй тұтас жанып кетіп, ішінде 1939 жылы туған ер адам қалып қойған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Зардап шегуші медициналық көлікте көз жұмды. Сонымен қатар қызыл жалынға оранған үйден 27 жастағы әйел адам мен 9 жасар қыз бала құтқарылды. Олар қалалық ауруханаға жеткізілген.
«Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады. Оны сөндіруге барлығы 4 техника мен 22 адам жұмылдырылды. Өрттің себебі мен залал көлемі қазір анықталуда», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД ресми өкілі Аягөз ФАЗЫЛОВА.