Өзге тілде өрнектелген оқу құралдары мәселесі «Тіл қорғаны» бағдарламасында

Кеңсе тауарларын шығаратын әмбебап компанияның елде 39 сауда дүкені бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орысша жазылған дәптерлер, өзге тілде өрнектелген оқу құралдары. Неліктен елімізде балаларға қажетті кеңсе тауарларының атауы мемлекеттік тілде берілмейді? «Алматы» телеарнасының «Тіл қорғаны» хабары бүгінде түйткілді мәселеге айналған осы тақырыпты зерделеп, қазіргі оқулықтардағы кемшіліктерге назар аударды. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Аяулым Көлжігіт тарқатады.

Оқиға болған жерден:

– Мына сырты орысша, бірақ қазақша жазылып тұр. Дұрыс емес. Мына жерде дәптер деп, мынаның барлығы қазақша жазылуы керек қой. Енді мынаны қараңыз. Бұл сіздерден алынған, міне.

– Дұрыс қой, қазақша жазылып тұр ғой, қарсаңызшы.

– Сіз мынаны Ресейге барып, тапсырыс беріп, жаздырып, алып келдіңіз.

– Иә.

– Сізде солай, мына жерде "русский алфавит" дейді, ағылшын бар. Енді менің немерем қазір осыны көріп, тетрадь деп, "русский алфавитті" көріп, құлдық санамен тәрбиеленіп жатыр.  

Кеңсе тауарларын шығаратын әмбебап компанияның елде 39 сауда дүкені бар. Бірақ жұрт сатып отырған өнімдерінің басым көпшілігі  орыс тілінде деп шағымданады. Түсірілім тобы бұл дүкенді аралап, тілдік ахуалға баға берді. Кәсіпкердің сөзінше, елде бұл тауарды өндіруге мүмкіндік жоқ. Ал, қазақша тауардың құны қымбат екен. Сондай-ақ, бағдарлама қазіргі оқулықтардың да жай-күйін бағалады.

«Қазіргі аудармалар, бізде жаратылыстану бағытындағы оқулықтар шығып жатыр ғой, оның ішінде тілі аударма екені көрініп тұрады. Информатикадан, математикадан, кейбір оқулықтар әлі де орысша жазылады, қазақ мектебіне қазақша аударылады. Бірақ тілі әлі жетілдіруді қажет етеді», – деді Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры Бижомарт Қапалбек

Мемлекеттік тілдің ахуалын қаузаған «Тіл қорғаны» хабарын көрермен бүгін сағат 20:40-та «Алматы» телеарнасынан тамашалай алады.

Аяулым Көлжігіт, «Алматы» арнасы

Новости партнеров