Алматыда «Қазақ соқырлар қоғамының» бастамасымен мүгедектерді оңалту орталығы ашылды

Алматыда «Қазақ соқырлар қоғамының» бастамасымен мүгедектерді оңалту орталығы ашылды
Орталық зағип жандарды өмірге бейімдеуге және жұмыс орнымен қамтуға бағытталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Қазақ соқырлар қоғамының» бастамасымен «Жылы ұя» мүгедектерді оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мекемеде басты назар жүре келе көз жанарынан айырылған тұрғындарға аударылады. 4 қабатты ғимаратты салуға қордың есебінен 355 миллион теңге жұмсалған. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін психолог, типография, компьютер және заңгер кабинеттері қарастырылған.

«Жылы ұя» орталығында 10 қызметкер жұмыс істесе, оның алтауының мүмкіндігі шектеулі. Орталық зағип жандарды өмірге бейімдеуге және жұмыс орнымен қамтуға бағытталған. Айта кетейік, Республика бойынша «Қазақ соқырлар қоғамының» 23 мыңнан астам мүшесі бар.

«Жаңадан мүгедектік алған жандарға бұл өте керек орталық. Осы орталықта біз психологиялық, медициналық, педагогикалық, және біз өзіміз мүгедекпіз ғой. Әркімнің бұл өмірден алған орны бар. Біз өзіміз тәжірибе ретінде, пример ретінде осы жерде соңынан мүгедектік алған азаматтарға тәлім-тәрбие беруіміз керек. Соларды өмірге бейімдеуіміз керек», – деді  «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмат Наурызбаев.

Новости партнеров