Халық санағына 61 күн қалды

02.07.2021 в 00:30

Қазір елімізде жалпыұлттық науқанға дайындық кезеңі жүріп жатыр

Қазақстан Республикасының халық санағына  61 күн қалды. Қазір елімізде жалпыұлттық науқанға дайындық кезеңі жүріп жатыр. Бұл мерзімде сұхбат алушылар тұрғын үйлер мен құрылыстардың тізбесін жасақтап, мұнда тұратын халықтың нақты санын анықтау үшін әрбір елдімекенді аралайды. Елімізде осымен үшінші рет өткелі отырған ұлттық науқанның өзі қыркүйек айында басталып, қараша айына дейін жалғасады.