Контролер қателескен: Кудряшов ауылы тұрғындары табиғи газдың бағасы қымбаттап кеткеніне наразы

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұған дейін олар ай сайын т 3-5 мың теңге аралығында төлеп келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Халықтың сөзін еститін әкім жоқ». Атырау облысы Кудряшов ауылының тұрғындары осылай деп шағым айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кудряшов ауылы тұрғындары бұған дейін ай сайын табиғи газ үшін 3-5 мың теңге аралығында төлеп келген. Бірақ соңғы бір айдағы коммуналдық төлем әдеттегіден 3 есе артық келген.

– Қазір 18,500 теңге келіп тұр. Көрші үй 53 мың теңге төлеуі тиіс екен.  «Қате жазып жібердік, 2-3 ай бөліп төлейсіңдер» дейді. Мен төлемеймін, – деді ауыл тұрғыны Алена Никитина.

– Халықтың сөзін еститін әкім керек. Мектеп, дәріхана, жол, су керек. Біз қаңырап қалдық. Жетім бала сияқтымыз. Ешқандай жұмыс жоқ, – деді ауыл тұрғыны Сәуле Қизатова.

Бұқараның базынасын тыңдауға жауапты мекеменің өкілдері де келді. Белгілі болғандай, есеп айырысу қызметін көрсететін мердігерлік компанияның бақылаушылары газ есептегішінен нақты деректерді кемітіп көрсеткен.

Нәтижесінде шілде, тамыз және қыркүйекте түбіртектері сома әдеттегіден аз көрсетілген. Осы үш айда нақты түспеген соманы төлеуге шот-фактура 17 ауыл тұрғынына қазан айының түбіртегімен бірге жіберді.

– Контролер газ көрсеткішін дұрыс әкелмеген. Дұрыс жұмыс істемеген ол жазасын алды. Абоненттерге бөліп төлеуіне келісіп отырмыз, – деді серіктестіктің Құрманғазы ауданындағы қызметкері Тілекші Ибатулла

2023 жылдың 21 қарашасында ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу нәтижесінде мәселе оң шешімін тапты. 17 тұтынушының 6-ы нақты тұтынған газ үшін берешегін толық төледі, 11 тұтынушыға 3 айға бөліп төлеу жоспары берілді. 

– Әр тұрғын жеке келісімшарт жасады. Келісімшарт бойынша келіспейтін болса мәселені сот тәртібінде шешу керек. Әрине, қадағалаймыз, – деді Құрманғазы ауданы ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Шынболат Шынтемірұлы.

Екі мыңға жуық тұрғыны бар ауылда әкім мен мектеп директоры тұрақтамайтын көрінеді. Газдан бөлек мәселе де шаш етектен. Ал көпшілік түйткіліміз толығымен тарқамай, тынбаймыз деп тарқасты.

Мадина Оқас, Жұлдыз Қайратқызы, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Қосшы қаласының тұрғындары неліктен жылусыз отыр

Новости партнеров