Студенттер қауіпті дерт жайлы 22 қаңтар күні білген
Барлығы тынышталған соң, Қытайға кетемін. Ухань қаласынан келген қазақстандық студент дәл осылай деді. Халықаралық құқық бойынша екінші курсының Phd студенті Гүлбақыт Болатбекқызы коронавирус жайлы 22 қаңтар күні білгенін айтады. Ол кезде шаһар карантинге жабылғанын жариялапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«22 қаңтарда бізге мектептерімізден және қаладан SMS-хабарландыру келді. Сол күннен бастап екінші ақпанға дейін біз өз кампустарымыздағы бөлмелерде шықтық. Бір-бірімізді көрмедік. Егер азық-түлікке шықсақ, арнайы бетперде, көзілдірік, қолғап киіп шықтық. Шыққанның өзінде көп дегені бір сағатқа ғана. Осылайша 10 күн жабық кампуста өз бөлмемізде, және Қазақстанда 14 күн болдық. Жалпы эпицентрде болған студенттер 24 күн бойы карантинде болды. Елорданың көп бейінді ауруханасының барлық ақ халаттыларына алғыс айтқым келеді», - деді студент Гүлбақыт БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.