«Ол өмірде де мықты адам еді»: Батыр Қазыбаевты достары еске алады

Фото: Time.kz
Фото: Time.kz
Alash Media Group-қа жетекшілік еткен Батыр Кәкімжанұлы елдің медиа саласында жетекші рөл атқарған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ол қызметте ғана емес, өмірде де мықты адам еді». Күні кеше бақилық болған журналист Батыр Қазыбаевты достары осылай деп еске алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  


Құрамына бірқатар ақпараттық порталдар мен радиостанциялар кіретін Alash Media Group-қа жетекшілік еткен Батыр Кәкімжанұлы елдің медиа саласында жетекші рөл атқарған еді. Қазіргі Қазақстандағы танымал сайт құрылымдары оның жемісті еңбегінің нәтижесіндей болып қалды.  

«Біз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, үнемі көмек беретінбіз. Әсіресе Батыр бар жерде еш уайымдамайтынмын. Біздің медиакеңістік күнде жаңашылдықты, үлкен тәуекелді қажет ететінін ол жақсы түсінді, шебер пайдалана білді. Әр еңбегінің артында ауыз толтырып айтарлық үлкен нәтиже қалды. Досымның жақындары мен жалпы көпшілікке қайғырып көңіл айтамын!», - деді кәсіпкер, меценат Арманжан Байтасов.

Новости партнеров