«Бюджетке қатысу» жобасына алматылықтар бір айда 180 өтінім жолдаған

19.09.2019 02:50

Басым бөлігі аулаға спорттық және балалар ойын алаңын орнату мен жөндеу жұмыстарына бағытталған

фото Казинформ

Бұл туралы «Алматы даму орталығы» басқармасы басшысының орынбасары Олег Сек мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде жалпы сомасы 9,2 миллиард теңгені құрайтын жобалар түскен. Өтінім беру бойынша Алмалы ауданы тұрғындары көш бастап тұр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.  

Олар 56 жоба ұсынған. 180 өтінімнің басым бөлігі аула аймақтарында спорттық орындар, балалар ойын алаңын орнату мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты.

«Осы уақытта тұрғындардың ұсыныстарын қабылдау әлі де жалғасып жатыр. Десе де, аз ғана уақыт қалды. Сондықтан алматылықтарды белсенді болуға шақырамыз. Айта кету керек, келіп түскен жобаларға дауыс беру жүйесіне қағаз арқылы дауыс беруді енгіздік. Ол Open Алматы орталығында орналасқан. Егер онда бара алмасаңыз6 үйде отырып-ақ, электронды цифрлы қолтаңба арқылы өз дауысыңызды берсеңіз болады», – деді «Алматы даму орталығы» басқармасы басшысының орынбасары Олег СЕК.

Теги: бюджет