|
03.02.2023 | 22:52
2828

Қазақстанда 150 мың тонна пияз бар

Елден әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті шығаруға тыйым салынған

Қазақстанда 150 мың тонна пияз бар Almaty.tv

Қазақстанда 150 мың тонна пияз бар. Бұл келесі егін жинау уақытына дейін жетеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Есте болса, осыған дейін елден әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті шығаруға тыйым салынған еді. Ведомство оның себебін шетелде қазақстандық тауарға сұраныстың артуымен байланыстырып отыр. Пәкістандағы табиғи апат салдарынан әлемде пияздың тапшы. Аталған ел әлемдік нарықта пияздың негізгі жеткізушісі болып табылады. Қазақстанда  көкөністің тапшы болуына оңтүстік өңірдегі аяз себеп екен. Мамандардың айтуынша, халқымызды пиязбен қамтамасыз ету басты назарға алынды.

«Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, пияздың расталған қоры – 150 мың тонна. Бұл – өткен жылғы егіннің жалпы көлемінің 14 пайызы. Қор жаңа өнім жиналғанға дейін жеткілікті. Сондықтан экспортқа енгізілген шектеу Қазақстаннан қалған пиязды әкетуге жол бермейді», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Дамир Егізбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир