Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №104 Жарлығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №105 Жарлығына сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда Парламент Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының барлық деңгейдегі депутаттығына сайлау тағайындалды. «Almaty «Телерадиокомпаниясы» АҚ – «Almaty TV» телеарнасының меншік иесі 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттарының депутаттығына тіркелген кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін телеарнаның эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі, мөлшері туралы хабардар етеді.
Сайлау алдындағы кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы жергілікті уақыты бойынша 00:00 сағатта аяқталады, осылайша үгіт материалдарын орналастыруға жазбаша өтінішті қабылдау тіркелген кандидаттардан 2023 жылғы 17 ақпан сағат 09:00-ден бастап 2023 жылғы 17 наурыз сағат 12:00-ге дейін Алматы қаласы, Ғабдуллин көшесі, 88а үй, 211,103 кабинеттерінде қабылданады. Тіркелген кандидаттар мен олардың өкілдерінен факсимильді және интернет-байланыс арқылы үгіт материалдарын орналастыруға өтініштер қабылданбайды.
Материалдарды телеарна эфиріне орналастыру тәртібі мен шартын мына сілтеме арқылы таныса аласыз.