Балқаш гарнизонында жараланған офицердің жағдайы әлі де ауыр
Almaty.tv
Ресми дерек бойынша, сардар қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Балқаш гарнизонында жараланған офицердің жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оқыс оқиға 30 мамырда болған. Ресми дерек бойынша, сардар қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Соның салдарынан жараланып, кейін медициналық көмек көрсетілген.
«Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді. Бұдан өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қарай таратуға жатпайды», – деді ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Руслан Жангулин.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
13.10.2026 09:32
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
13.10.2026 13:10
Елде 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
13.10.2026 09:16