Нұр-Сұлтанда он үш кітаптың тұсауы кесілді

Аталған топтамаға Абайдан бастап Шахановқа дейінгі 13 ақынның туындысы енген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ поэзиясының інжу-маржандары оқырманға жол тартты. Он үш кітаптың тұсаукесері елордада кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Атап өту керек, антология Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен жарыққа шығып отыр. Аталған топтамаға 13 ақынның туындысы енген.  Нақтырақ айтқанда, Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шахановтың туындылары бар.

«Бұл енді өздеріңіз көріп отырғандай, тікелей Мемлекет басшысының бастамасымен, қолдауымен жарыққа шығып отыр. 13 ақын: Абайдан бастап Мұхтар Шаханов ағамызға дейін. Бұл жалғасын табады. Президенттің өзі айтып отыр. Алдағы уақыта осы топтамаларды тұрақты түрде шығарып отыратын ойымыз бар. Президенттің өзі 30 автордың ішінен алғашқы 13-ін атап,  осыларды шығару керек деді. Қазіргі заманда кітап оқымайды дейміз. Кітапты өздері іздеп жүріп, оқитындар бар. Оның ішінде поэзия десе, қазақтың делебесі қозбай қоймайды», – деді ҚР Президенттің баспасөз хатшысы Берік УӘЛИ.

Новости партнеров