|
13.09.2019 | 15:18
2497

Медеу ауданында ең үздік аула анықталды

Байқаудың жалпы жүлде қоры 750 мың теңгені құрады

Медеу ауданында ең үздік аула анықталды

Сайысқа бағын сынау үшін 30 тұрғын қатысқан. Олар үйдің аумағын көгалдандырудан жарысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жазда басталған байқау бүгін өз мәресіне жеткен. Жүздік жүйрікті анықтау оңай болмады деген ұйымдастырушылар биыл ешкімді сыйлықсыз қалдырмады. Бірінші және екінші орынды бірден 20 адам иеленді. Байқаудың жалпы жүлде қоры 750 мың теңгені құрады.

«Байқаудың мақсаты – аула сыпырушылардың ғана жұмысын көрсету емес. Халықтың сана сезімін оятып, осы жұмысқа оң көзімен қарауына ықпал ету. Бірінші, екінші орындарға 10 адамнан  іріктеп алып отырмыз. Жеңімпаздарға медаль тағамыз. 30 мың теңгелік сертификаты бар», – деді Алматы қаласы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ермек ТІЛЕКЕНОВ.

«Мұндай шараны өткізіп болған соң басқа адамдар да қызығып, көңіл аударатын шығар. Біз қайда тұрып жатырмыз? Айналамыз әдемі ма? Басқа жақтарда осындай адамдар тұрады екен деп. Кішкене көңіл бөлетін шығар. Алматы гүлденіп, әдемі болатын шығар», – деді «Менің сүйікті аулам» аудандық байқауының жеңімпазы Тасқын НҰРЖАНОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир