«Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы» жобасы Үкіметте талқылады

23.07.2019 00:54

Жобаның жалпы құны - 512 миллиард теңге

«Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы» – еліміздегі 565 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалар арасындағы ең ірісі. Құрылысы басталған жалпы құны 512 миллиард теңгені құрайтын  торап жайлы Үкіметте сөз болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мемлекеттік - жекеменшік әріптестік қазақстандық орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Айдос Көбетов бүгінде билік пен инвестордың өзара 560-тан астам жобасы болса, оның 9-ының республикалық маңызы бар деді.

«Ең ірі жобалар – «Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы». Жалпы құны - 512 миллиард теңге. Оның ішінде 114 миллиард теңге капиталдық шығындарға байланысты. Екінші - 500 адамға дейін адамдар тұратын өңірлерде оптикалық желілер арқылы интернет желісін тарту, сосын «Күнделік. кз» жобасын айтуға болады», – деді «Мемлекеттік - жекеменшік әріптестік қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдос КӨБЕТОВ.

Теги: БАКАД