Алматы қаласы неке қиюдан көш бастап тұр

Алматы қаласы неке қиюдан көш бастап тұр
Биыл бірінші тоқсанда Алматыда 3500 неке қиылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы жылдары елімізде ажырасатындардың саны артқан. Ранкинг порталының мәліметінше, некенің 3-тен 2-сі қалада қиылады. Сондай-ақ, үйленгендердің 4-тен 3-і дәл осы қалада ажырасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Статистикаға сүйенсек, үйлену тойлары қалалы жерде көп болады екен. Мәселен, биыл бірінші тоқсанның өзінде 30 мыңға жуық жұптың некесі қиылған.

Ал, өңірлер бойынша, неке қию жағынан Түркістан облысы мен Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда 3500 неке қиылған. 

Ал, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарының азаматтары үйленуге асықпайды екен. Осылайша олар антирекорд орнатқан.

Жалпы, үйлену мен бақыт жайлы сауалнамаға жастар түрліше пікір білдірген.

Бірі «Махаббат бар жерде   бақыт бар» десе, екіншісі мәселенің адамгершілікте, сыйластықта ауызбірлікте екенін айтқан

«Әйелі күйеуін тыңдаса,  жарына адал болса, барлығы әйелге байланысты секілді» деді сауалнамаға қатысушы жастың бірі.

Салыстырмалы түрде алсақ, ажырасу саны жағынан Алматы алда тұр. Соңғы үш айда 1715 жұптың некесі бұзылған. Көбісі сот арқылы ажырасып, баспана мен мүлікті бөліск салған. Бірақ ең қиыны ерлі-зайыптылар – арадағы балаларды бөлісе алмай жатады.

Жалпы, соңғы жылдары еліміздің 5 өңірінде ажырасатындар саны артқан. Ақмола облысында 6,5 пайызға, Ақтөбеде – 6, Жамбыл облысында – 5,5 пайыз, Алматыда – 3 және соңғысы елордада 2 пайызға өскен.

Ал ерлі-зайыптылар жолының екіге айрылуының себебін тұрғындар түрліше түсіндіруге тырысқан.

«Қалада бәрі қымбат қой. Сондықтан да жетіспеушілік араны бұзады. Мәселенің барлығы – ақшадан», – дейді бірі.

«Ауылда салт-дәстүр біршама жақсы сақталады. Ал, қалада адамдардың өз еркі өзінде,  ара-қатынасты бұзатын осы шектен тыс еркіндік секілді», – дейді келесі бір жас.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕКЕЛЕСУ МЕН АЖЫРАСУ

(І ТОҚСАН)


РЕСМИ НЕКЕСІН ҚИҒАНДАР

                                          2018Ж                                               2019Ж

ҚАЛА                                 1 8,5мың                                             18,7мың

АУЫЛ                                 9,9мың                                                9,2мың



АЖЫРАСҚАНДАР


                                             2018Ж                                               2019Ж

ҚАЛА                                   10,1мың                                               9,7мың

АУЫЛ                                   3,3мың                                                3,4мың




Новости партнеров