2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны қанша

13.02.2021 16:07

Ресми мәліметтерге сүйенсек, бір жыл ішінде халық саны 245 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті

© Sputnik / Тимур Батыршин

2021 жылы елдегі халық саны 18 миллион 877 мың адам болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 245 мың адамға көп, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікке сілтеме жасап.

«2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 18 миллион 877 мың адам болды, оның ішінде қала халқы – 11 миллион 149 мың адам (59,1 пайыз), ауыл халқы – 7 миллион 727 мың адам (40,9 пайыз)», – делінген хабарламада.




Ресми мәліметтерге сүйенсек, бір жыл ішінде халық саны 245 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. 2020 жылы ең үлкен жалпы өсім елдің үш өңірінде байқалды: Алматыда (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтанда (48,5 мың адам) және Шымкентте (38 мың адам).