Медеу-Шымбұлақ жолындағы өткізу режимінің кестесі өзгертілді

16.12.2023 00:38

Жексенбі және мереке күндері жол ашық

Almaty.tv

Тау шаңғысы курортының аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің өтініші бойынша Медеу-Шымбұлақ жолындағы өткізу режимінің кестесі өзгертілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

16 желтоқсаннан бастап сағат 09:00-ге дейін;  сағат 12:00-ден 14:30-ға дейін және сағат 18:00-ден кейін электромобильдер, таксилер және техникалық қызметтердің арнайы көліктерінің жүргізушілері үшін кіруге рұқсат етіледі. Бұл күні жаяу жүруге қатаң тыйым салынады, тек студенттік соқпақ арқылы қолжетімді.

Жексенбі және мереке күндері жол жүру барлығына ашық, жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілердің өміріне қауіп төнбейді.

Еске салсақ, «Мохнатка» және «Горельник» тауларының баурайында тастардың құлауы салдарынан болған зардаптарды жою бойынша жүргізілген кешенді жұмыстарға байланысты көлік қозғалысы шектелген болатын.

Биыл 25 қазанынан бастап бұрғылау қондырғыларын қолдана отырып, кедергілерді тазарту және беткейлерді нығайту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жол бойында нөсер кәрізі салынады. Кешенді жұмыстар қыс бойы жалғасады және 2024 жылдың күзінде аяқталады.

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды