Ресейде оқ-дәрі қоймасы жарылды

06.08.2019 00:38

Қоймалардың ішінде миналар мен зениттік оқ-дәрілер сақталыпты

Бұл туралы ақпарат осыдан бірнеше сағат бұрын ғана Baza Telegram-каналында жарияланды. Красноярск өлкесінде орналасқан әскери қоймалар қазіргі таңда өртке оранған. Жергілікті билік төтенше жағдайға байланысты Ачинск ауданының тұрғындарын қауіпсіз жерге шұғыл көшіріп жатыр,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қоймалардың ішінде миналар мен зениттік оқ-дәрілер сақталыпты. Оқиға салдарынан бір адамның жараланғаны белгілі болды. Әйел адамға жарықшақ тиіп, ол ауруханаға жеткізілген.

Mash телеграм каналы Красноярск өлкесінде жол жабылып, жедел эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлауда. Айта кетейік, дәл осындай төтенше жағдай 24 маусымда Арыс қаласында орын алған болатын. Ол жерде де оқ-дәрі қоймасы жарылған.