Қаржы 2 апта ішінде банктерге таратылады
Алматыда 2 аптадан кейін кәсіпкерлер «Жаңа бизнес» бойынша жеңілдетілген несие ала алады. 5 миллиард теңге «Даму» қорына аударылып, әрі қарай екінші деңгейлі банктерге үлестіріледі. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еске сала кетейік, бағдарлама шарттарына сәйкес бизнес өкілдері 6 пайызбен 100 миллион теңгеге дейін несие рәсімдей алады.
«Жаңа бизнес туралы айтып кетсем, 6 пайызбен 100 миллион теңгеге дейін 7 жылға бөліп төлеп несие алуға болады. Сол бойынша біз «Даму» қорына ақша жібердік. Қаржы 2 апта ішінде банктерге таратылады», – деді Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы Әділ Жанкин.