«7-20-25» бағдарламасы келер жылы да жалғасатын болды

24.12.2022 00:40

Келер жылы елімізде бұл бағдарламаға 100 млрд теңге бөлінеді

ашық дереккөзден

Келер жылы елімізде «7-20-25» бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінеді. Мұндай лимит банктердің нарықтық ипотекалық өнімдері мен олардың дамуына мүмкіндік беру үшін белгіленбек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Азаматтарды баспанамен қамтуға бағытталған бастамаға қатысты Ұлттық банк тиісті қаулы қабылдады. Жобаның шартындағы тағы бір өзгеріс - әр адамға бір рет қана ипотека рәсімдеу мүмкіндігі беріледі. Осылайша «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы алдағы жылы да жалғасады.