1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бір ғасырдан астам тарихы бар мерекені тәуелсіз Қазақ елі де жыл сайын атап өтеді. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, еліміздің әр өңірінде балаларға арналған түрлі шара жоспары құрылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл күнді мереке ретінде атап өту туралы түрлі дерек бар.
Бұл — 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған дүниежүзілік конференцияда қабылданған десе, кей деректерде мұны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қарашасында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған деп жазылған.
Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Балаларды қорғау күнін қалай өткізуге болады?
Бұл күні балаңызға берген уәдеңізді орындауға тырысыңыз. Ойын алаңдарына, саябақтар мен аттракциондарға бара аласыз.
Мақсат - мерекеде естен кетпес қызықты естеліктер қалдыру. Ал кешкісін балалармен өздері ұнататын дәмханаға баруға болады. Бұл - сыйлық алып, жақындарының айрықша махаббатына бөленетін күн. Сол себепті оны ерекше өткізуге тырысыңыз.
Оқи отырыңыз: Балаларға қауіпсіз демалысты қалай қамтамасыз ету керек