Қазақстанда 1 миллионнан астам жанұя дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатыр

05.07.2022 00:40

Президент тапсырмасымен әлеуметтік Кодекске өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда 6 миллион 700 мыңнан астам отбасының тең жартысына әлеуметтік көмек қажет. 1 миллионнан астам жанұя дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатыр. Ол туралы Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, Президент тапсырмасымен әлеуметтік Кодекске өзгерістер енгізіледі. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі аталған мәселені қоғам белсенділері және депутаттармен бірге талқылады. 

«625 бала аз қамтылған отбасында тұрады. 97 мың ерекше қажеттіліктері бар бала. Сонымен қатар, әлеуметтік Кодексте бұл мәселелерге тиісті шешімдер мен механизмдерді көреміз деп үміттенеміз. Жәрдемақыға, АСП-ға байланысты сұрақтар болады», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Зәкиева.