Таразда кальян шеккен 38 адамға айыппұл салынды

01.08.2023 в 00:40

Қалада ережені ескермеген 43 ойын-сауық мекемесі анықталды

Қор-қор шегемін деп қор болып жүрмеңіз. Таразда кальян түтіндетіп демалған 38 адамды полиция ұстады. Бірін қалдырмай бәріне айыппұл арқалатты. Айта кетсек, қоғамдық орындарда қор-қор шегуге рұқсат жоқ. Заңмен тыйым салынған. Жамбыл өңірінде рейд жүргізген тәртіп сақшылары бұл жолы қаладан ережені ескермеген 43 ойын-сауық мекемесін анықтады. Кафе-барларға ескерту берді.

– ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы (Қоғамдық орындарда темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша 38 әкімшілік құқық бұзу дерегі анықталды. Бұл баптың санкциясы 15 АЕК (51.750 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаны көздейді, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.