Бүгін Қазақстанда ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Еліміздің әр өңіріндегі аудандық маңызы бар қалалар, ауыл мен кенттер және ауылдық округтердің басшыларын таңдауға жергілікті тұрғындар таңнан бері дауыс берді. Саясаттанушы Есенжол Алияров сайлаудан кейін әкімнің жұмысын бағалау үшін критерийлер қою керек екенін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Сайланғаннан кейін әкімнің жұмысын бағалау үшін критерийлер қоюымыз керек. Ол жұмысын қалай орындап жатыр? Ауылдың әкімінің өзінің ауылындағы, өзінің аймағындағы болып жатқан құрылысқа, әлде жол салуда ма, әлде мектеп салу керек пе, аурухана салған кезде оның қатысуы қандай? Ықпалы қалай? Осы сұрақтардың жауабы болуы тиіс. Әкімдер жұрттың уәкілдері болып сайланғаннан кейін олардың қатынасуы міндетті емес пе?» – деді Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті, саясаттанушы Есенжол Алияров.