|
04.03.2024 | 18:43
405

Атырауда кәсіпкерлер неге жалақысын ала алмай отыр

Жиналғандардың талабын құрылыс компаниясының бірде-бір өкілі тыңдамады

Атырауда кәсіпкерлер неге жалақысын ала алмай отыр Almaty.tv

Атырауда кәсіпкерлер бас көтерді. 1 жылдан бері ақшасын қайтара алмай жүрген азаматтар аты дардай құрылыс компаниясының алдына барып, шу шығарды. Алайда басшылық жиналғандардың талабын тыңдауға шықпады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ала таңмен құрылыс компаниясының алдына жиналған кәсіпкерлер былтыр қыркүйекте келісімшарт жасасқан. Олардың айтуынша, басы дауға қалған кәсіпорын азаматтарға техника, одан қалды түрлі құрылыс материалдарын уағдаласқан шарт бойынша жалға беріп келген. Алайда арада 3 ай өткенде құрылыс компаниясы ақша беруді тоқтатады. Кәсіпкерлер «қарызға белшеден баттық, соның салдарынан несиемізді де жаба алмай отырмыз» дейді.

– 2023 жылы қазанда жұмысқа алды. Техниканы жалға бердік. Мақсатымыз – өзіміздің ақымызды алу. Менің қарызым - 10 млн теңге. Келісімшарт уақыты 23 желтоқсанда бітті, – деді кәсіпкер Роман Көшкінбаев.

– Әрқайсымызда несие бар. Жеке кәсіпкерлердің ақшасы қайда?  Үш ай ақша алмадық, – деді кәсіпкер Берік Әлиев.

Жиналғандардың талабын тыңдауға құрылыс компаниясының бірде-бір өкілі құлық танытпады. Наразы топ баса көктеп кіруге талпынғанымен, қаптаған күзетшілер көпшілікті кіреберістен-ақ шығарып салды.

Атышулы компания кәсіпкерлерге бас-аяғы 20-40 миллион теңге көлемінде қарыз. Мәселенің түбін тексеріп, былығын бетіне шығарғанда компанияға тапсырыс беруші тарапты да анықтадық. Бірақ «барлық міндеттемені орындадық» деген олар аппарат өкілінің мәселені шешу мақсатында Атырауға аттанғанын айтты.  

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ баспасөз қызметі:

«Атырау облысындағы 8 жайлы мектептің құрылысына 2023 жылға бөлінген соманың 50 пайыз мөлшерінде алдын ала төлем жасадық. Бұл сома толық игерілмеді. Компанияда жұмыстарды орындау және жалақы төлеуге жеткілікті қаражат болуы керек. Басшылықтың неліктен айлық төлемей жатқаны және берілген қаражаттың қайда кеткені анықталып жатыр. Бұған дейін бізге холдинг басшылығы тарапынан да, қызметкерлер тарапынан да жалақының кешіктіріліп жатқаны туралы ресми хабарлама немесе шағым түскен жоқ».  

Жиналған азаматтар қарызды айдың соңына дейін қайтаруды талап етті. Олар бассыздыққа жол берген компания басшысын сотқа бермек.

Жұлдыз Қайратқызы, Фархад Тәжиев, «Алматы» теларнасы

Оқи отырыңыз: Қаңғыбас иттер мүгедектігі бар қызды талап тастады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир