|
10.02.2020 | 19:44
4662

Наурызбай ауданы тұрғындары қоғамдық көлік пен жәрдемақы мәселесін көтерді

Өз кезегінде аудан әкімі Санжар Әділұлы өткен жылғы жетістіктерді баяндады

Наурызбай ауданы тұрғындары қоғамдық көлік пен жәрдемақы мәселесін көтерді Almaty.tv

Қоғамдық көлік тапшылығы мен көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақының уақытылы төленбеуі. Бүгін Наурызбай ауданы әкімімен кездескен тұрғындар осы және өзге де маңызды мәселелерді қозғады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Өз кезегінде аудан әкімі Санжар Әділұлы өткен жылғы жетістіктерді жіпке тізіп бастады. Былтыр тұрғындар үшін маңызды жарық мәселесі оң шешім тапқан. 8 трансформатор күрделі жөндеуден өтіп, 212 электр бағаналары ауыстырылды. Ауданды газбен қамту 98 пайызды құрайды. Қала әкімінің тапсырмасымен 18 жанұяға газ тегін қосылып, 28 жағдайы төмен отбасылар көгілдір отынға 50 пайыздық жеңілдікпен қол жеткізді. Сондай-ақ аудан әкімі көпшілікті алдағы жұмыстармен де таныстырды.

Кездесу әдеттегідей ашық микрофон форматында өтіп, тұрғындардың сауалы тыңдалды.

«Менің мәселем, №104 автобусты ұзартып, 104 а бағыты екеуін қосып берулеріңізді сұраймын. Сіздерге қиын емес шығар, мына біздер - зейнеткерлер үшін бұл қиын», - деді бір тұрғын.

«Автобустың интервалын жақындатуға болады. Бірақ оны арғы көшеге соза алмаймын. Себебі, жол қауіпсіздік ережесі деген бар. Оны ертең ары қарай созып, ол аударылып жатса, мен оған жауап беруім керек», - деп жауап берді оған әкім.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир