Белгілі қазақ дикторы Әбдірәлі Бөлебай өмірден озды

07.04.2022 в 14:00

Қаралы хабарды Қазақ радиосы растады

Радио және телевизия саласының ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай 70 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қаралы хабарды Қазақ радиосы растады.

Әбдірәлі Бөлебай 1953 жылы 25 желтоқсанда Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Ерназар ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын «Қазақфильм» киностудиясында режиссердің көмекшісі болып бастаған.

1996 жылы "Хабар" агенттігінде "Жеті күн" ақпараттық-сараптау бағдарламасының жүргізушісі болды.

2000 жылдан бастап "Қазақстан" Ұлттық арнасының астаналық филиалының директоры болып жұмыс істеді. 2002 жылы ҚР Президенті телерадиокешенінің продюсері болды.

Белгілі диктор өмірінің соңына дейін Қазақ радиосында дикторлық қызмет етті.

Ол телерадиода дикторлық өнердің қыр-сырын терең меңгерген, дауыс үні ерекше білікті маман болған еді.

"Алматы" телеарнасының ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.