Субұрқақтан зардап шеккен 2 кішкентай қыздың жағдайы белгілі болды

23.06.2021 00:45

Бұл туралы бүгін шұғыл медициналық жәрдем орталығының дәрігерлері мәлімдеді

Алматыда субұрқақта тоқ соғып, зардап шеккен 2 кішкентай қыздың жағдайы жақсарды. Бұл туралы бүгін шұғыл медициналық жәрдем орталығының дәрігерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өткен сенбіде болған оқыс жағдайдың салдарынан 28 жасар келіншек те зардап шеккен еді. Оның жағдайы әлі де аса ауыр деп бағаланып отыр.

«Бүгінде шағымдарының болмауына және жағдайының жақсаруына байланысты профильді бөлімшеге ауыстырылды. Емін жалғастырып жатыр. 10 жастағы қыз 19 маусымнан бері профильді бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Түскен кездегі жағдайы орташа ауыр болып саналды. Бүгінде шағым жоқ, ем қабылдап жатыр», – деді қалалық «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.